Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды

23 Мамыр 2019, 22:31
1568
Бөлісу:
Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда Теміртау және Шымкент қалаларының жалпы орта білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптарда оқитын 20-дан астам баланың 45 жұмысы қойылды, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының Баспасөз қызметі.

Шараны Қазақстандағы Франция Елшілігі, Нұр-Сұлтан қаласы Француз альянсы, Теміртау және Шымкент қалаларының әкімдіктері қолдады.  

Мақсат – баланың шығармашылығын дамыту арқылы ортаға бейімделуіне көмектесу, қоғамның тең мүшесі екеніне сендіру. 

Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды

Сәуір мен мамыр аралығында Теміртау және Шымкент қалаларында церебралды параличке шалдыққан балаларға француз фотосуретші Эрик Ваззолер шеберлік сағаттарын өткізген. Бұл фотокөрме – сол еңбектің нәтижесі. 

Эрик Ваззолер үшінші жыл қатарынан ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеп келеді. Өзінің 30 жылдық тәжірибесінде бірнеше ел жастарын суретке түсіруге үйреткен. Соның ішінде Қазақстанның, Францияның, Германияның және Польшаның өскелең ұрпағымен өз білімімен бөлісіп үлгерді. 

Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды

Көрменің ашылу барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов фотокөрменің ұйымдастырылуы жайлы сөз қозғады.

«Бұндай фотокөрмелерді ұйымдастыру арқылы біздің балаларымыздың ерекшелігі мен көпқырлылығын көрсеткіміз келеді. Олардың бойындағы қасиеттерді ашып, өнер жолындағы дамуына көмектесу керек. Бұл жобаның тағы бір маңызды бөлігі – балалар өнердің жаңа түрімен танысады. Жобаға балалардың елдің түрлі аймақтарынан қатысуы, яғни ерік, ұмтылыс пен табандылық арқасында кез келген салада жетістікке жетуге болады екенін көрсетеді», - деді ол. 

Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды

Балалардың суреттерінен тұратын фотокөрме – түрлі саладағы адамдардың образдары мен көңіл-күйінің көрінісімен және өмірдің жарқын сәттерінен тұрады. Оны алғаш болып Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет бойынша Атташе Андре Бэльвер, мүмкіндігі шектеулі балалар, оқытушылар, ата-аналар және студент жастар тамашалады. 

Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 2017 жылдан бастап француз фотосуретшісі Эрик Ваззолермен жұмыс істеп келеді. Бұл аралықта ол Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Теміртау қалаларындағы мүмкіндігі шектеулі 50 баланы суретке түсіруге үйретті.


Өзгелердің жаңалығы