Назарбаев Хорватияның бұрынғы президентіне ризашылығын білдірді

8 Маусым 2019, 15:51
1568
Бөлісу:
Назарбаев Хорватияның бұрынғы президентіне ризашылығын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Мессичпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Елбасы мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, алдағы президент сайлауына тәуелсіз бақылаушы ретінде келгені үшін алғыс айтты. 

"Сайлауға бақылаушы ретінде келгеніңіз үшін рахмет. Сіз бұған дейінгі сайлау науқанына да қатысып, жұмысымызды жоғары бағалаған едіңіз. Сізге деген ризашылығым зор", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өзгелердің жаңалығы