Бас жаңалықтар
Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты
11 Мамыр 2021, 23:44 295

Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына сапары​ барысында Елбасы Қазақ хандығына арналған​ мемориалдың​ ашылу​ рәсіміне​ қатысты, сондай-ақ «Тұңғыш Президент саябағын» одан әрі абаттандыру жоспарымен танысты.

Мемориалдың ашылу рәсімі аясында​ Нұрсұлтан Назарбаев​ «Ұлы​ Дала бірлігі» капсуласын салды.​ Капсулаға Қазақстанның барлық​ өңірлеріндегі​ киелі жерлердің топырағы​ жиналған.

Айта кетейік, «Қазақ хандығына арналған​ мемориалдық кешен» қазақ хандығының негізін қалаушылардың құрметіне тұрғызылған. Мемориалдың архитектуралық​ шешімі –​ биіктігі 7 метрлік сатылы 21 пилоннан тұратын,​ диаметрі 35 метрге тең​ киіз үй бейнелі композиция.

Сәулет кешенінің орталық бөлігіндегі гранит тұғырда хандар ұстайтын асатаяқ​ пішіндес,​ биіктігі 12 метрге тең​ стела орнатылған. Оның түбінде төрт таутеке мүсіні бар. Орталық композицияны ішкі жағынан ұзындығы 28 метрлік «Қазақ хандығының тарихы» барельефі қоршап тұр.


Фото: дереккөз
Загрузка...