Назарбаев Қаллеки театрының жаңа ғимаратын аралады

26 Қараша 2020, 20:47
1604
Бөлісу:
Назарбаев Қаллеки театрының жаңа ғимаратын аралады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Назарбаев Қаллеки театрының жаңа ғимаратын аралады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.

Назарбаев Қаллеки театрының жаңа ғимаратын аралады

Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрды ашық деп жариялаймыз. Оның құрылысына «Самұрық-Қазына» компаниясы арнайы қаражат бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Көрермендердің осы театрға қуана келетініне сенімдімін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Назарбаев Қаллеки театрының жаңа ғимаратын аралады

Театрдың жаңа ғимараты Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бой көтерді. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.

Назарбаев Қаллеки театрының жаңа ғимаратын аралады

Өзгелердің жаңалығы