Бас жаңалықтар
Назарбаев Горбачевты мерейтойымен құттықтады
03 Наурыз 2021, 19:20 297

Назарбаев Горбачевты мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевты 90 жасымен құттықтады. 

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Instagram-да жазды.

Елбасы өз құттықтауында КСРО тұңғыш президентінің атқарған мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені атап өтті.

Әлем тарихына орасан зор ықпал еткен үлкен өзгерістер сіздің атыңызбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-жігермен, қуатпен, жұмыс істеуді доғармай, өзекті қоғамдық, гуманитарлық және ағарту жобаларын іске асыра жүріп қарсы алып жатқаныңыз қуантады. Біз белгілі бір уақытта бірлесе өткен саралы жолға негізделген достық пен сенімді қарым-қатынастарымызды жоғары бағалаймын, - делінген құттықтауда.

Назарбаев Михаил Горбачевқа мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке және бар жақсылық тіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...