Назарбаев Ердоған бастаған түркі елдерінің басшыларына ұсыныс жасады

31 Наурыз 2021, 18:09
7021
Бөлісу:
Назарбаев Ердоған бастаған түркі елдерінің басшыларына ұсыныс жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдерінің басшыларына ұсыныс жасады. 

Менің бірінші ұсынысым - біз әрі қарай дамып, Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдауымыз керек. Бакудегі саммитте мен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің деңгейін ұйым деңгейіне көтеруді ұсындым. Гуманитарлық және мәдени дамумен қатар, біз бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Мысалы, латын әліпбиін қолдану - бізге жалпы жүйеге бейімделуді үйретеді. Сол арқылы жастарымыздың әлемдік деңгейде дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.  Біз үшін бірге даму маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде.

Сондай-ақ Елбасы өзара сауданы дамытып, инвестиция тарту үшін жұмыс істеу керектігін айтты.

Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізуде. 

Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы