Бас жаңалықтар
Назарбаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
25 Қаңтар 2020, 13:45 120

Назарбаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Тұңғыш президенттің ресми сайты хабарлады. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, - делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...