Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті

13 Мамыр 2019, 14:58
2344
Бөлісу:
Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Орталықтың «жасыл» экономиканы дамыту және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы мәлімделді.

Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жел, күн, су және геотермальды ресурстардың әлеуеті, тұрмыстық қатты қалдықтар мен биомасса полигондарының орналасуы туралы ақпаратты қамтитын цифрлық алаңның үлгісі таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.    

Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өттіЕлбасы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технология енгізу және осы салаға инвесторлар тарту мәселелеріне баса мән берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективті әзірлемелерімен танысты.

Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті

«Жасыл» технологиялардың және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Астана – ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде 2018 жылғы сәуір айында құрылды.     


Өзгелердің жаңалығы