Бас жаңалықтар
Назарбаев ЕАЭО саммитіне қатысады
30 Наурыз 2019, 11:30 848

Назарбаев ЕАЭО саммитіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтетін мерейтойлық саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

 "25 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті ММУ-да еуразиялық интеграция бойынша көзқарасын білдіріп, бүгінде шынайылыққа айналған тұжырымдаманың авторы болды. 29 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕАЭО мерейтойлық саммиті өтеді. Елбасы Н.Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысады", - деп жазды Қазақстан Президенті.

Сізден жаңалық