Бас жаңалықтар
Назарбаев бірнеше заңға қол қойды
06 Наурыз 2019, 18:31 288

Назарбаев бірнеше заңға қол қойды

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспаөсз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Сізден жаңалық