Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

6 Наурыз 2019, 13:58
1727
Бөлісу:
Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының екі заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.

«Мемлекет басшысы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы