Бас жаңалықтар
Назарбаев Ассамблеяның мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды
04 Сәуiр 2019, 17:14 804

Назарбаев Ассамблеяның мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кездесуде Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақтылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

"Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараның негізі болуға тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...