Назарбаев әлемнің ядролық соғыстың алдында тұрғанына алаңдаушылық білдірді

17 Қараша 2021, 16:02
863
Бөлісу:
Назарбаев әлемнің ядролық соғыстың алдында тұрғанына алаңдаушылық білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Ядролық стратегиялық тұрақтылық саласындағы жағдай аймақ үшін күрделі болып қалып отыр. Ядролық қаруды бақылаудың жаһандық жүйесі жойылды. Осы жылдың басында қиямет деп аталатын сағат түн ортасына жүз секунд қалғанда орнатылған болатын. Бұл, шын мәнінде, әлем қазірдің өзінде ядролық соғыстың алдында тұрғанын білдіреді, - деді ол.

Ол атағандай, әлемде байқалып отырған дағдарыстық жағдай Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықтың жаңа тәсілдерін әзірлеуді талап етеді.

Біріншіден, Үлкен Еуразиядағы диалог пен сенім институтын нығайту қажет. Әсіресе еуразиялық бөлігінде. 1992 жылы мен АӨСШК құру туралы бастама көтердім. Еуропадағы ЕҚЫҰ-ға ұқсайды. Өткен жылдар ішінде ол өзінің өзектілігін дәлелдеді, бүгінде бұл форум 27 мемлекетті біріктіреді, осы уақыт ішінде АӨСШК-нің 5 саммиті өтті. Сонымен бірге оның беделі де, географиясы да артып келеді. Осыған байланысты біздің ойымыз АӨСШК-ті Азиядағы қауіпсіздік архитектурасының орталық элементіне айналдыру болып есептеледі, - деді Елбасы.

Назарбаев АӨСШК ашық құрылым ретінде Азияда жан-жақты диалог орнату үшін оңтайлы платформа бола алатынын айтты.

Келесі жылы АӨСШК құрылғанына 30 жыл толатын жылы оның мерейтойлық саммитін өткізу жоспарлануда. Мен бұл іс-шараның жоғары деңгейде жақсы және мазмұнды дайындалуының арқасында Еуразияның Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту процесінде серпіліс жасауға мүмкіндігі болатынын қолдаймын, - деді Назарбаев.


Өзгелердің жаңалығы