Назарбаев: Әлемдегі тұрақты құндылық – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім

29 Сәуір 2019, 15:49
4717
Бөлісу:
Назарбаев: Әлемдегі тұрақты құндылық – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.

«Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көпэтносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбер болып отыр. Бүгінде құрылым – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі», - деп айтты Назарабев Ассамблеяның ашылуында.

Назарбаев: Әлемдегі тұрақты құндылық – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім

Елбасы халықтар бірлігін сақтауға шақырды.

«Жаһандық әлем көз алдымызда үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Мүлдем жаңа тарихи кезеңде өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Технология, қоғам өмірі танымастай өзгерді, көп нәрсені үйреніп жатырмыз, үйренгеніміз де жоқ емес. Бірақ бұл әлемде бір тұрақты құндылық бар ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім. Осы маңызды фактор біздің бәсекеге қабілеттілігімізді анықтайды», - деді Елбасы.

Айта кетейік, елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды. Сессия Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып отыр. Жиын тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту».

Өзгелердің жаңалығы