Бас жаңалықтар
Назарбаев 4,5 шақырым жаяу жүрді
16 Қазан 2019, 16:44 523

Назарбаев 4,5 шақырым жаяу жүрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бакудегі Түркі кеңесінің VII саммитіне барған сапарында Каспий жағалауын жаяу аралауға да уақыт тапқан. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Нұрсұлтан Назарбаев үнемі салауатты өмір салтын ұстануға басымдық береді. Уақытының тығыздығына қарамастан Әзербайжанға барған сапарында Елбасы серуенге де уақыт тапты. Ол Каспий жағалауында шамамен төрт жарым шақырым жаяу жүрді", - деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Елбасы 4,5 шақырым қашықтықты 1 сағат 16 минут ішінде жүріп өткен. Тыныштық күйіндегі жүрек қағысы – минутына 71 рет, қозғалыста – 82 рет.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев самитте Түркі әлемінің орденімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Нұрсұлтан Әбішұлы 79 жасқа келді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...