Бас жаңалықтар

Назарбаев әуежайынан 17 рейс кешіктірілді

Астана, baq.kz. Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұшатын 17 рейс бөгеліп, біреуі тоқтатылды.

Елордалық әуежайдың онлайн-таблосына сәйкес, Алматыдан Scat DV 703, Варшавадан LOT LO195, Өскеменнен Scat DV784, Шымкенттен Scat DV701, Ақтаудан Scat DV 742, Өскеменнен DV786, Ақтөбеден DV722, Тараздан DV756, Вильнюстан DV808, Ақтаудан Air Astana KC314, Омбыдан КС280, Алматыдан Qazaq air IQ355 рейстердің ұшу уақыты кейінге қалдырылды.

Ал Астанадан Алматыға Scat DV714, Таразға DV755, Омбыға Air Astana KC279, Алматыға Qazaq air IQ3520, Ақтөбеге IQ385 рейстері кейінге шегерілді.

Сонымен қатар, Астанадан Шарм-эль Шейхке ұшатын Scat DV 460 рейсі тоқтатылды.
Загрузка...