Назарбаев Nur Otan фракциясы басшысы қызметіне Нығматулинді ұсынды

21 Тамыз 2019, 13:06
1825
Бөлісу:
Назарбаев Nur Otan фракциясы басшысы қызметіне Нығматулинді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді Nur Otan парламенттік фракциясының басшысы қызметіне ұсынды.

«Біз бұрынғыша жұмыс істейміз. Бізде фракция ұғымы бар. Әлі де фракцияның күш екенін білмейміз. Көпшілік анықтайды. «Фракция премьер-министрдің кандидатурасын анықтады. Жаңа заң бойынша министрлер өтпеуі тиіс. Неге бір де-бірін қабылдамай тастаған жоқ? Ұқыпсыз жұмысы үшін неге алып тастауды ұсынбады. Исимбаева бастаған фракция жаман жұмыс істеді деген себептен емес. Бірақ, әлемнің басқа елдерінде бар ережелерді ұстана отырып, басшы қызметіне өзі қарсы болмаса Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді ұсынамын. Бұдан Үкімет тек ұтады. Үкімет пен фракция бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – қазақстандықтардың әл-ауқаты. Барлық шешім халықтың мүддесі үшін қабылданады. Сол үшін де мәселелерді бірге шешуге тиіспіз», - деді Назарабев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Өзгелердің жаңалығы