Найзағай, тұман, дауыл, бұршақ – синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

22 Шілде 2019, 15:37
1743
Бөлісу:
Найзағай, тұман, дауыл, бұршақ – синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.

"Түнде 23 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.

Атырау қаласында түнде 23 шілдеде найзағай күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%", - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Петропавл қаласында 23 шілдеде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

"23 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлеріңде тұман күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 23 шілдеде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.             

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - деп хабарлады синоптиктер.

Бұған дейін синоптиктер 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.   

Өзгелердің жаңалығы