Бас жаңалықтар
Қазақстан халқы Наурызды 9 күн тойлайтын болды
28 Ақпан 2020, 12:54 863

Қазақстан халқы Наурызды 9 күн тойлайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы Наурыз нышандарын таныстыру барысында Қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы Рухани жаңғыру орталығының басшысы Жанар Бұқанова таныстырды. 

Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты биыл 20 ақпанда "Азаматтық алаң" атты жаңа пікірталас алаңын ұсынғаны мəлім. Жаңа пікірталас алаңының іске қосылуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптамалық кеңес өз жұмысын аяқтады.

Таныстырылым барысында "Азаматтық алаң" пікірталас алаңында "атқарушы органдар мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жолсерігі болуға тиіс екендігі, ашық диалог, ағымдағы өзекті мəселелерді талқылау жəне бағдарламаны іске асыру бойынша жаңа ұсыныстар енгізу қағидаттары басшылыққа алынатыны" атап өтілді.

Алғашқы кездесу аясында пікірталас алаңына қатысушылар Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты жаңа тəсілдерді талқылады. Атап айтқанда, мерекені 14-22 наурыз аралығында өткізудің жаңа регламенті ұсынылды. Наурыз мейрамы тұжырымдамасы отбасылық дəстүрлер мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Сарапшылар 9 күндік тақырыптық мерекелеудің келесідей тəртібін ұсынды:

14 наурыз – Көрісу (Амал) күні – туыстармен жəне достармен кездесіп, амандық-саулық сұрасу күні;

15 наурыз – Шежіре күні – еске алу күні;

16 наурыз – Жайлау күні – табиғатты аялау күні;

17 наурыз – Волонтерлердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні;

18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні;

19 наурыз – Зияткерлік күні – даналық пен білім күні;

20 наурыз – Жоралғы күні – отбасылық дəстүрлер мен жақсы əдеттер күні; 

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні;

22 наурыз – Бұқара күні – көктемгі күн мен түннің теңесу күні. 

Жаңа өмірдің басталуы жəне жаңару мерекесі. Осылайша, Наурыз мейрамын жаңаша мерекелеу қазақ халқының салт-дəстүрлерін жаңғыртуға, жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, этносаралық қатынастар мəдениетін дамытуға, қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуға, отбасы институтын маңыздылығын күшейтуге, азаматтық бейбітшілікті сақтауға, əлеуметтік əріптестікті жəне қайырымдылық жасау мəдениетін дамытуға, Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды ұғынуға, экологиялық мəдениетті жəне елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастаманы дамытуға септігін тигізері сөзсіз, - дейді Жанар Бұқанова.


Фото: автордан
Загрузка...