Наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

18 Қаңтар 2021, 14:54
1274
Бөлісу:
Наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміржол билетінің қымбаттауы облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қатысты. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% - ға артады,-делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сондай-ақ,  жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын жеткізді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алғанын хабарлаймыз. Аталған вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізілмек. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей.

Өзгелердің жаңалығы