Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

17 Наурыз 2019, 17:45
4038
Бөлісу:
Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр
PHOTO

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» ІХ Наурыз кездесуі өтуде.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Дәстүрлі түрде өтетін Наурыз оқулары бүгін басталды. Басқосуға Қазақстан ғарышкерлері Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және SpaceX, NASA ғарыш ұйымдарының ғалымдары қатысып жатыр. Сондай-ақ, жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен екі жүздей өрен келді.  

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев алыс-жақыннан келген қонақтармен жүздесіп, оқушыларға ғылым жолында табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

Аймақ басшысының пікірінше, жастардың білімі-біліктілігі, дұрыс дағдысы ­– ұлттың ең маңызды әрі қымбат ресурсы. Мемлекет қазіргі таңда білім саласының сапасына, жаңа технологияларға, материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтауға қомақты қаржы жұмсауда. Сондай-ақ, жастарды қолдап, білім гранттарының санын арттырды.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Облыс әкімінің айтуынша, Сыр өңірінің білім саласына облыс қазынасы шығысының 38 пайызы тиесілі, бұл – қаржы бөлу жағынан басымдық берілген сала.

«Ғылым саласындағы әлемдік трендтерді талқылауға арналған алаңда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Біздің облыс аумағында 12 ұшыру алаңы орналасқан, олардан аты аңызға айналған «Восток» «Союз» және «Боран» кемелері ғарышқа аттанған. Сондықтан «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тоғызыншы Наурыз кездесулері – адамзат ғарышқа қадам басқан Шығыс өркениеті орталықтарының бірі, әйгілі Қорқыт ата мекенінде өтуі бекер емес», – деді аймақ басшысы.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Бұдан басқа, шара кезінде ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, SpaceX пен NASA-ның тәуекел және қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Майкл Лутомски, NASA-ның ғылыми қызметкері Парвин Пратапан, Еуропалық ғарыш агенттігі, Еуропалық астронавтар орталығының ғылыми кеңесшісі Игорь Дроздовский, Хайдельберг университетінің астрономия орталығы, астрономиялық есептеу институтының ғылыми қызметкері Бекдәулет Шүкірғалиев, сонымен қатар, ғарыш және жаңа технологиялар саласындағы басқа да ғалымдар сөз сөйледі.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Айта кету керек, Наурыз оқулары үш күнге созылады. Шара аясында спорттық және зияткерлік ойындар, ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтпек. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне де саяхат ұйымдастырылды.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурыз кездесулері оқушылардың білімін тереңдетеді, ғылымға қызығушылықтарын арттырып, зерттеу дағдыларын дамытады және кәсіби бағдарын анықтауына көмектеседі.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің өкілі Елена Рыбинаның айтуынша, айтулы шара 2011 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептері өткізіп келеді.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

«Кездесуде отандық, шетелдік ғалымдар ғылыми-танымал дәрістерін оқып, мастер-класстар көрсетеді. Ал оқушылар ғылыми жобаларын таныстырады», - дейді ол.

Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр

Өзгелердің жаңалығы