Сарапшылар Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдерін ұсынды

23 Ақпан 2020, 12:32
3648
Бөлісу:
Сарапшылар Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдерін ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Азаматтық алаң" бірінші отырысы аясында ұлттық Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылды. Ол тақырыптық іс-шаралардың тоғызкүндік циклін қамтиды.

Қазақстандық "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институтының сарапшылары Наурыз мерекесін өткізудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Атап айтқанда, ҚҚДИ басқармасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев 14-22 наурыз аралығында мерекелік іс-шараларды өткізу регламентін ұсынды. Оның айтуынша, Наурыз мейрамы ұлттық бірлік пен отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Сонымен, сарапшылар күн сайын ерекше маңызы бар мереке тұжырымдамасын қарауды ұсынды:

14 наурыз – Көрісу күні;

15 наурыз – Шежіре күні;

16 наурыз – Жайлау күні;

17 наурыз – Дархандық күні;

18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні;

19 наурыз – Зияткерлік күні;

20 наурыз – Жоралғы күні;

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні;

22 наурыз – Бұқара күні.

"Азаматтық алаң" алаңына қатысушылар өз пікірлерін белсенді айтты, нәтижесінде ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидулла Оспанқұлов әрбір ұсынысты қарастыруға уәде берді.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының амбассадоры, ұлттық тағамдар бойынша сарапшы Әйгерім Мұсағажинова Наурыз мейрамы маңызды рөл атқаратын мәдени мұра мәртебесін арттыру қажеттігін атап өтті.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің професоры Ерлан Арын мейрамды жаппай жеңілдіктер мен жалақыны мерзімінен бұрын беру, жәрменкелер өткізуді ұсынды.

Жаңа формат деп жатырмыз ғой. Жаңа формат ол әбден үйреніп алған қантар айында басе құру. Сол айда,бәрі жерде әсіресе батыс мемлекеттерінде міндетті түрде балаларға сыйлық беріледі және желтоқсан айына жеткізбей жалақыларын, премияларын береді. Сондықтан осы мәселе әсіресе үлкен мекемелерде қолға алынса дейміз. Жалпы той ретінде ұйымдастыру керек. Менің ойымша осы форматты қолға алып ерекше атап өту керек, - деді ол.

Сонымен қатар, ғылыми зерттеуші Ғарифолла Есім көктемгі демалыстың ұзақтығын арттыру қажеттігін атап өтті.

Егер Наурызды тойлау 9 күн жалғасатын болса, оқушылардың демалыс уақыты артады, ал студенттер үйіне барып, туған-туыстарымен көбірек уақыт өткізе алады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтық алаң" пікірталас алаңы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға азаматтық қоғамды тарту және қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Алаңның құрамына ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, еріктілер мен белсенді азаматтар кірді. Пікірталастар әртүрлі форматтарда, мысалы, Open space technology, Аквариум, Lightning talks және әртүрлі алаңдарда өтеді.

ҚҚДИ - қазақстандық қоғамдық даму институты. "Рухани жаңғыру" бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушысының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін "Туған жер", "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы", "Латын әліпбиіне көшу", " Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет", "100 жаңа оқулық", "100 жаңа есім" бағдарламалары бар.

Өзгелердің жаңалығы