Наурыз мерекесінде елордада қандай ауа райы күтіледі?

19 Наурыз 2019, 16:27
1975
Бөлісу:
Наурыз мерекесінде елордада қандай ауа райы күтіледі?

Астана, BAQ.KZ. Алдағы күндері қалада сынап бағанасы 5 градус жылылықты көрсетеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, ертең 20 наурызда, Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10…-12°С, күндіз 0…+2°С. 

21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +3…+5°С. 

22 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы -3…-5°С, күндіз +3…+5°С көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы