Бас жаңалықтар
Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?
14 Ақпан 2020, 19:01 536

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 8 күн демалады. Осылайша наурыз биылғы жылы ең көп демалатын айы болмақ. 

Еліміздің азаматтары ұлттық және мемлекеттік мерекелер, сондай-ақ кәдімгі демалыс күндерін демалады. Аталған 8 күннің ішіне Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз бар. 

Халықаралық әйелдер күніне орай қазақстандықтар 3 күн, яғни 7, 8 және 9 наурызда, ал Наурыз мерекесінде 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін 5 күн демалады. 

Осыған қоса 2020 жылғы мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мейрам күндерін ұсынамыз. 

1-2 қаңтар – Жаңа жыл (демалыс күні 5 қаңтар жексенбіден 3 қаңтар жұмаға ауыстырылады). 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (жексенбі күн 9 наурызға ауыстырылады). 

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы (21, 22 наурыз сенбі, жексенбі күндері 24, 25 наурызға ауыстырылады). 

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 

7 мамыр – Отан Қорғаушы күні. 

9 мамыр – Жеңіс күні (11 мамыр дүйсенбіден 8 мамыр жұмаға ауыстырылады). 

6 шілде – Астана күні. 

30 тамыз – Конституция күні (жексенбі күн 31 тамызға ауыстырылады). 

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 

16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні (20 желтоқсан жексенбіден - 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылады). 

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып есептеледі. 

2020 жылы Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге тура келеді,


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...