Науқас баланың еміне жиналған ақшаны жымқырған алаяқ ұсталды

9 Желтоқсан 2019, 22:04
7495
Бөлісу:
Науқас баланың еміне жиналған ақшаны жымқырған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл наурыз айында белгісіз тұлға "отаға мұқтаж науқас балаға көмектесем" деген сылтаумен Ақтөбе қаласының тұрғынының "Каспий банк" АҚ-ның банк шотынан 790 000 теңге сомадағы ақша қаражатын жымқырды" деген жазбаша өтініш келіп түсті. 

ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жәбірленушінің науқас баласы бала кезінен мүгедек болған. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласының емханасында қажетті қымбат ота жасау үшін анасы азаматтарға әлеуметтік желі арқылы ақшалай қаражат жинау туралы көмек сұраған. Ақша қаражатын аудару үшін жеке шот нөмірі мен банк картасының нөмірін көрсеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері мақсатты бағытталған жедел іс-шаралар жүргізу барысында желтоқсан айының басында күдіктіні ұстады. Күдікті келтірілген материалдық шығынды толығымен өтеді.

Анықталғандай, күдікті арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы WhatsApp арқылы хат алмасу барысында жәбірленушінің ұялы телефонына электрондық сілтеме жасап, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру жолымен жәбірленушінің Kaspi.kz карталық шотының жеке кабинетіне пароль қойып, одан кейін Steam ойын аккаунттарына ақша қаражатын аударуды және электрондық ақша (Bitcoin) сатып алуды жүзеге асырды,- делінген хабарламада.

Күдікті осындай жолмен Қарағанды қаласының тұрғынынан да ақша жымқырған.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының Полиция департаменті тергеу жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы