Бас жаңалықтар
Науқастар арасында қан құйғандар бар – маман
06 Шілде 2020, 12:03 169

Науқастар арасында қан құйғандар бар – маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Науқастар арасында қан құйғандар бар. Бұл туралы  "Астана медициналық университеті" ҚЕАҚ қызметкері Нұрила Малтабарова "КВИ бойынша ағымдағы жағдай" талқыланған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Клиникалық хаттамадағы қан құю ережесі халықаралық ұсынымдарға сәйкес. Жазылып шыққан науқастардың плазмасын құю процедурасы бар. Қазір зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Ауыр жағдайдағы науқастарға жазылып шыққан науқастардың қанын құю тәжірибесі бүгін кездеседі. Жазылған науқастарға қажеттілік танытқан адамдарға плазмасын құюға рұқсат бергендері үшін алғыс айтамыз, - деді Нұрила Малтабарова. 

Ол атап өткендей, вирустың алдын алу үшін қан құю ұсынылмайды. 

Дүниежүзілік қауымдастықтың ұсынымы бойынша, қан плазмасын аурудың алдын алу үшін емес, емдеу мақсатында қолдану керек. Алдын алу мақсатында әлі бұл тәжірибе қолданылмады. Коронавирус індеті - жоғары тыныс алуды зақымдайтын ауру. Сондықтан да, сұйықтықты көп мөлшерде пайдаланған жөн, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...