Науқастарға сәлемдеменің жетпей қалуы қалай шешіледі?

7 Шілде 2020, 11:37
1608
Бөлісу:
Науқастарға сәлемдеменің жетпей қалуы қалай шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Төлеген Байғұлов Президенттің аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттау фактілері бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мәселесі талқыланған "Antikor Live" алаңында ауруханаларда сәлемдеменің жетпеуі қалай шешілетінін айтты.

Ауруханалар мен дәріханаларда сәлемдеменің жетпей қалатынына көп шағым келіп түседі. Егер де ондай жағдайға душар болсаңыз, мүмкіндігіңізше видео, сурет түсіріп, біздің 87020002494 жұмыс нөміріндегі whatsApp-қа жіберсеңіз болады. Біз оны ешқайда жарияламаймыз. Ол тек қызметтік қолдану үшін ғана қажет. Осындай әлсіз салаларды бірлесе шешуіміз керек, - деді ол. 

Байғұлов атап өткендей, бұл шаралар халық күнделікті түрде бетпе-бет келіп жатқан кедергілерді жоюды көздейді. 

Бұл - тұрмыстық жемқорлық. Адамдар науқасты ауруханаға жатқызу үшін тамыр-таныс арқылы әрекет етеді. Біз осыны түбірімен жойғымыз келеді. Біз қоғамдық ұйым ретінде осындай істерді әшкерелеуіміз керек. Қай қала, аудан, ауыл екеніне қарамастан, тауып аламыз. Азаматтар бұл жағдайда өздері белсенділік танытып, әрекет етуілері керек. Бұл үшін үйден шығып та керек емес, үйде отырып мониторинг жасау керек, - деді ол. 

Ол қазір дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатып алуға халықта ақша жоқ екенін айты. 

Наурыздан бастап карантинде отырмыз. Тұрғындардың ақшасы да жоқ. Сондықтан өзімізге, туысымызға, жақындарымызға, қоғамға көмектесу үшін белсенді болайық. Біз әр факті бойынша жұмыс істейміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы