НАТО саммиті аяқталды

15 Маусым 2021, 15:08
2361
Бөлісу:
НАТО саммиті аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. НАТО өзінің стратегиялық тұжырымдамасын құратын болды. Уағдаластыққа Брюссельде өткен Альянске мүше елдер басшыларының кездесуінде қол жеткізілді. Бұдан бөлек ұйым жаңа технологиялар жасайтын орталық ашып, осы мақсатта инновациялық қор жасақтамақ, деп жазды Хабар24.

Еуропадағы қару-жарақты бақылау жүйесін сақтап, оны жетілдіруге де ниетті. Жаһандық жылынумен күресуді де күшейтуді көздеп отыр. Альянс Ресейдің Украина маңында әскери күшін арттырып, кей елдегі кибер-шабуылдарға қатысына байланысты алаңдаушылығын білдірді. 

Ресей Президенті Владимир Путинге, әрине, егер ол қаласа, екі ел арасында ымыраға келетін салалар бар екенін түсіндіремін. Егер ол одан бас тартса, әрі кибершабуыл сияқты жағымсыз әрекеттерін жалғастыра беретін болса, біз де қарап қалмаймыз. Мейлінше жауап береміз. Ортақ мүдде үшін тұтас әлем қалауына сай жұмыс істегеніміз дұрыс. Күрмеуі қиын мәселелерді де қарастыруымыз қажет, - деді АҚШ президенті Джо Байден.
Саммитте ұйымның Қытай еліне қатысты ұстанымы талқыланды. Альянс елдері Бейжіңді халықаралық құқықты сақтап, әлемдік жүйеде жауапкершілік танытуға шақырды. Мысалы, ғарыш пен теңіз және кибернетикалық салада халықаралық құқыққа сай әрекет ету қажеттігін ескертті. 
Біз Альянсты қалай нығайту жайын ақылдасып, заманға бейімдеу туралы келістік. Егер бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыратын болсақ, көп қаржыны қажет етеді. Өз басым ұйымға мүше елдердің үш бағыт бойынша, яғни азаматтық, инфрақұрылымдық және әскери бюджет бойынша уақғдаластыққа қол жеткізгеніне ризамын, - деді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Саммит барысында АҚШ президенті Джо Байден Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Басқосу бір сағатқа созылды. Бүгін Байден ЕуроОдақ басшылығымен келіссөз өткізіп, осыдан кейін Ресей президентімен кездесу үшін Женеваға аттанады.  


Өзгелердің жаңалығы