NASA Марста түсірілген құпия фотоларды жариялады

6 Наурыз 2020, 07:43
3376
Бөлісу:
NASA Марста түсірілген құпия фотоларды жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марс планетасында түсірілген ең сапалы фотоны NASA жұртшылыққа көрсетті.

1,8 миллиард пиксельдің көмегімен жинақталған панорамалық фотодан Марс табиғатының сұрқай екенін байқауға болады. Марстағы аппарат төрт күн бойы мыңнан аса фото түсірген. Барлық фотолар 12:00 мен 14:00 аралығында, күн жарығының біркелкі түсер уақытында бейнеленген.

Панорамалық фотодан Гейл кратеріндегі Шарп тауларының Глен-Торридон аумағын байқауға болады.

Біз үйде түскі ас ішіп жатқан уақытта Curiosity ровері (Марстағы Гейл кратерін зерттеу үшін жеңіл көліктің көлеміндей етіп құрастырылған ровер – авт.) нағыз ғажап дүниені жасап жатты, – дейді NASA ғалымы Эшвин Васавада.


Өзгелердің жаңалығы