NASA ниет білдірген кез келген адамның есімін Марсқа жібереді

30 Қыркүйек 2019, 10:56
2468
Бөлісу:
NASA ниет білдірген кез келген адамның есімін Марсқа жібереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіміңізді Марсқа жіберу үшін 30 қыркүйекке дейін NASA сайтына тіркелу керексіз. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

Компанияның Twitter-дегі парақшасында Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Марсқа Mars 2020 миссиясы аясында жердің кез келген тұрғынының есімін жіберетіні хабарланған. 

Өзіңіздің есіміңізді Марсқа жіберу үшін NASA сайтында 30 қыркүйекке дейін тіркелуіңіз керек. Сонда сіздің атыңыз арнайы микрочиппен басқа ғаламшарға жіберіледі. Ол келесі жылдың шілде айында Марсқа баратын құрылғыға орналастырылады.

NASA сайтындағы 29 қыркүйектегі ақпаратқа сәйкес, есімдердің көпшілігі Түркиядан (2,5 миллион) тіркелген. Екінші орында Үндістан тұрғындары (шамамен 1,6 млн есім) тұр. Америкалықтардың ішінде 1,3 миллион адам өз есімін тіркеген. Украинада бар болғаны 56 мың адам өз есімін тіркеген.

Өзгелердің жаңалығы