Астанада дүкендегі өнімнен денсаулыққа қауіпті нан қоспасы табылды

1 Ақпан 2019, 16:24
2824
Бөлісу:
Астанада дүкендегі өнімнен денсаулыққа қауіпті нан қоспасы табылды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құрамында мөлшерден асатын гендік-түрлендірілген ингридиенттер бар нан қоспасын анықтады.

"ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Домашний продукт»  супермаркетінде (Астана қ., 38 көше, 4 үй) өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында құрамында бидай ұны, жүгері крахмалы, ашытқы, тұз және қара бұрыш бар «Кляр» сауда атауымен адам денсаулығына қауіпті нан қоспасын анықтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алайда, зертханалық сараптама нәтижелері бойынша генетикалық түрлендірілген сояның сандық құрамы 7-ден 110 есеге дейін, сондай-ақ құрамы 0,9% рұқсат етілген жағдайда жүгерінің 1,6% - ға дейін артуы анықталды.

Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы Алиментариус Кодексінің Халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес 0,9% - дан аспайды және міндетті түрде таңбалануға жатады.

Аталған өнімнің өндірушісі – Оңтүстік Корея компаниясы «Nulpureun Co.Ltd» ЖШҚ импорттаушы «ҚОФ» (Ресей Федерациясы).

Қазіргі уақытта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган өнімді анықтау және айналымнан алып қою жөнінде қажетті шаралар қабылдауда.

Дүкен сөрелерінде аталған сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04  нөмірі бойынша Комитетке  және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері аумақтық департаменттер бөлігінде kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).

Өзгелердің жаңалығы