Нан бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

18 Қазан 2021, 14:36
10929
Бөлісу:
Нан бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның айтуынша, әлеуметтік нан бағасының бірден өсуіне жол берілмейді.

Ол үшін біздің қолымызда барлық құралдар бар. Қажетті резерв көлемі де жеткілікті, ол өткен жылғы егінді есепке алғанда, 1 млн тоннаны құрайды. Бұл қорды тек астыққа ғана емес, мал шаруашылығы саласын қолдауға да қолданамыз. Сондықтан әлеуметтік нанның бағасы бірден өспейді. Осыған байланысты нан бағасы қолжетімді мөлшерде болады деп болжаймын, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ұлттық жобаның басым тұстарын атаған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық жобада ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеуге басымдық беріледі. Сонымен қатар ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастырылады. Бұл қосылған құны жоғары түпкілікті қазақстандық өнім жасауға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы