Нақты бір вакцинаны күтудің қажеті жоқ – Алексей Цой

23 Шілде 2021, 17:07
2549
Бөлісу:
Нақты бір вакцинаны күтудің қажеті жоқ – Алексей Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой нақты бір вакцинаны күтіп отырудың қажеті жоқ екенін айтты.

Инактивті вакцинаны алу туралы ешқандай көрсеткіш жоқ. Кез келген вакцина қауіпсіз. Оның барлығы қолдануға жарамды және балаларды қоспағанда барлық категория бойынша қолданылады. Вакцинаның келіп түсуіне байланысты таңдау беріліп жатыр, - деп атап өтті министр.

Министр кез келген вакцина тиімді әрі қауіпсіз екенін қайталап өтті.

Сондықтан нақты бір вакцинаны күтудің қажеті жоқ. Қолда бар қолжетімді вакцинаны қолдана беру керек. Қазіргі күні қолда бар вакциналардың, атап айтқанда QazVac және басқа да вакцинаның елімізге қаншасын жеткізе алатынына байланысты. Себебі компаниялардың өзара келісімі бар, оның бір бөлігі демеушілікпен келеді. Сондықтан жаңа вакциналарды алып келу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Нарықта қолжетімді болса, Қазақстанға да алып келінеді, - деп айтты Алексей Цой.

Еске сала кетейік, елімізде вакцинаның бірінші компонентінің 582 141 дозасы, ал екінші компонент бойынша 1 млн 184 мың доза бар.

Өзгелердің жаңалығы