#Желмая. Нағи Бақытбек шоу бизнестен футболға неге кетті?

26 Желтоқсан 2019, 15:06
5261
Бөлісу:
#Желмая. Нағи Бақытбек шоу бизнестен футболға неге кетті?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан футбол федерациясы Маркетинг және PR қызметі департаментінің директоры Нағи Бақытбек футболға қалай келді? Kazfootball.kz cайтын ашуға не түрткі болды? Отандық футболды жарнамалаған жұлдыздардың гонорары қандай? 


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы болған экономика ғылымдарының магистрі, "Баспаналы бол" жобасының авторы, Instagram-дағы #дәулеттен аккаунтының иегері Дәулет Төлеутайұлы пәтер алудың тиімді жолдары мен қазіргі нарық тұрғысындағы пікірімен бөлісті. 

.

Өзгелердің жаңалығы