Надежда Дубовицкая жеңіл атлетикадан халықаралық жарысқа қатысады

10 Тамыз 2019, 02:29
1354
Бөлісу:
Надежда Дубовицкая жеңіл атлетикадан халықаралық жарысқа қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая 18 тамыз күні өтетін Espoo Games турнирінде бақ сынайды. 

Финляндияда өтетін халықаралық сынға бірнеше мемлекеттен спортшылар қатыспақ.  Қазақстан атынан биікке секіруші Надежда Дубовицкая сынға түседі. 

«Ол халықаралық деңгейдегі спортшы. Әлемдік жарыстарға жиі шақырту алады.  2019 жылы ол көптеген ірі турнирлерде көзге түсті. Сол себепті, оны Финляндияға шақырып отырмыз», - дейді IAAF өкілі Туомо Салонен. 



Өзгелердің жаңалығы