Надаль мен Джокович Нұр-Сұлтанда

24 Қазан 2019, 07:39
2493
Бөлісу:
Надаль мен Джокович Нұр-Сұлтанда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше түнде Рафаэль Надаль және Новак Джокович өз командаларымен халықаралық әуежайға қонды. Оларды Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов күтіп алды. 

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұзақ жолдан кейін теннисшілер демалуға кетті. Себебі бүгін оларды баспасөз конференциясы, мастер-класс және қайырымдылық матчы күтіп тұр.

2ce21fca-9ef2-47ed-b30c-fb1d0aa6b201.jpg
Әлемнің үздік ракеткаларының келуі - ТМД елдерінде теңдесі жоқ оқиға және бұл біздің теннисшілеріміз үшін таптырмас тәжірибе, ал көрермендер "екі алыптың" ойынынан тек эмоция ала алады.

Бүгін кешке елордадағы "Барыс Арена" стадионында Надаль мен Джокович қайырымдылық матчын өткізеді. Ойыннан түскен ақша аймақтардағы балабақшалар мен мектептерде теннис секцияларын ашу, сонымен қатар инклюзивті балалар алаңдары бар теннис орталықтарын абаттандыруға жұмсалады.


Өзгелердің жаңалығы