Нәбиолда Кикебаев: Жылқытанушылар орталығы керек

5 Қараша 2021, 10:49
789
Бөлісу:
Нәбиолда Кикебаев: Жылқытанушылар орталығы керек
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі жылқытанушы ғалым Нәбиолда Кикебаев жылқытанушылар орталығы керек деген пікір айтты. 

Павлодар қаласында өтіп жатқан жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференцияда белгілі ғалым Нәбиолда Кикебаев осындай ұсыныс жасады. 

Біз - жылқытанушылар әр жерде жүрміз. Өзім Қостанай жылқы зауытын басқарып отырған уақытта жылқытанушылардың орталығына айналдырған едім. Қазір әр өңірдің ғалымдары жеке-жеке жүр. Бір дүниені дамыту үшін бас біріктіру керек, онсыз болмайды - дейді ғалым. 

Сонымен қатар ол жылқыны дамыту үшін қандай жұмыс істеу керекгін айтты. 

Жылқыға субсидия төлеуді тұрақтандыру керек. Онсыз жылқы шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Екіншіден жылқы шаруашылығымен айналысатын шаруалар жылқыға селекция жасауды үнемі назарда ұстауы керек. Қазіргі таңда елімізде ет-сүт бағытындағы жылқы шаруашылығы жақсы дамып келеді - деді Кикебаев. 

Бұған дейін ол жылқы тарихына қатысты айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы