Бас жаңалықтар
Нөсер салдарынан Бангладеш аумағының төрттен бірін су басты
04 Тамыз 2020, 18:25 194

Нөсер салдарынан Бангладеш аумағының төрттен бірін су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангладеш аумағының 25 пайызы су астында қалды, деп хабарлайды NASA.

Бангладештің едәуір бөлігі нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан су астында қалды. Елдің солтүстік-шығысы бейнеленген екі суретте су деңгейіндегі айырмашылық айқын көрінеді. Суреттер 2 маусым мен 25 шілдеде түсірілген.

Ресми статистикаға сәйкес, Бангладеште нөсер жауын жауғалы бері 5 миллионнан астам адам апатқа ұшырап, 135 адам қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының мәліметінше, 4 тамызда Джамуна өзеніндегі су деңгейі қауіп деңгейінде немесе рұқсат етілген нормадан асып түскен.

Бангладеште мұндай апат бұрын да болған. 1998 жылы ел аумағының 68 пайызы, ал 2007 жылы 42 пайызы су астында қалған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бангладеш аумағының үштен бірі су астында қалғаны хабарланған болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...