Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі ауысты

15 Мамыр 2020, 12:08
1120
Бөлісу:
Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Өзгелердің жаңалығы