Нұр-Сұлтанның әкімдігінде адалдық дүкені ашылды

10 Сәуір 2019, 11:50
2802
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның әкімдігінде адалдық дүкені ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметкерлер өздеріне қажет тағамды алып, ақшаны арнайы жәшікке салады. Бұл туралы Facebook-тегі өзінің парақшасында қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады.

"Сусындар, самса мен ыстық бәліштер сатушысыз дүкен сөресіне қойылған. Мұнда бейнебақылау камерасы да, кассир де жоқ. Дүкенге келуші әкімдік қызметкерлері қажет затын алып, ақшаны арнайы жәшікке салады. Дүкеннің жұмыс істеу принципі сатып алушыға деген сенімділікке, оның парасаттылығы мен ар-ұятына негізделген", - деп жазды Эльвира Жүргенбаева. 


Өзгелердің жаңалығы