Нұрсұлтандық сарбаздар шекара бекеттеріне аттанды

20 Қыркүйек 2019, 08:50
2023
Бөлісу:
Нұрсұлтандық сарбаздар шекара бекеттеріне аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтандық жас сарбаздар ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттанды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жас сарбаздар әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы шығысындағы шекара бекеттеріне барып, ел тыныштығын қорғайды. 

«Қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру науқаны бастау алған болатын. Осы уақытқа дейін әскери бөлімдерге жас толымның үш командасын жіберіп үлгердік. Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге көңіл бөлудеміз. Әскери қызметке білімді де білікті, денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан сабырлы, байыпты жастардың арасынан үздіктердің үздігін, әскери бөлімдерге қажетті маман иелерін алдын ала дайындап отырмыз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары – Жасақтау басқармасының бастығы подполковник Рустам Жүсіпұлы Жалбинов.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Аға буынның ізгі тілектерінен кейін сарбаздар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады.

Өзгелердің жаңалығы