Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері жедел жәрдемге 300 мыңнан астам қоңырау түскен

20 Тамыз 2019, 20:52
1179
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері жедел жәрдемге 300 мыңнан астам қоңырау түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.

Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарлама нәтижелерінің 39 индикаторының ішінен басқарма 35-ке қол жеткізіп отыр. Бұл туралы алқа отырысында басқарма басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлімдеді.

Сондай-ақ, қала бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары елордада өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез, қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары және басқалар азайды.

Сонымен қатар, Рүстемова ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған негізгі іс-шараларды атап өтті. Жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге уақтылы, мамандандырылған, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін №1 Қалалық аурухананы және №2 Перинаталды орталықты біріктіру арқылы №1 Қалалық көпбейінді аурухана құру жоспарлануда. Сондай-ақ, 250 төсек орны бар акушерлік бөлімнің құрылысы қарастырылған. Бұл – жүкті және босанған әйелдер үшін қолайлы жағдай жасау мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағыталған шаралар.

Нұр-Сұлтан қаласы – ДДСҰ ұсынған әдістеме бойынша сыртқы сарапшылардың аудиті арқылы медициналық көмекке тиісті сыртқы сараптамалар жүргізген әлеуметтік жоба шеңберіндегі жалғыз аймақ. Атап  айтқанда, бұл – акушер-гинекология, неонатология және педиатрия, анестезиология – реанимация.

Сонымен қатар, басқарма өткен жылы бастау алған қалалық емханаларда қосымша учаскілерді ашу жұмысын жалғастырып жатыр.  Тек 2018 жылы емханалардағы бар 225 учаскі тағы қосымша 134 учаскі ашылған еді. Ал 2019 жылдың 6 ай бойынша ашылған учаскі саны – 37.

Рүстемова Ә.Ш. мәлімдемесі бойынша, «Үйдегі дәрігер» жобасы да іске асырылып отыр. Осы жоба аясында 20 минуттық медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 7 жаңа нысан ашылды, 2-еуі ашылуға жақын. Осы жылдың төртінші маусымында тағы сондай 2 нысан ашылмақ.

Алқа отырысында Әлия Рүстемова жедел жәрдем қызметінің жұмысына нақтырақ тоқтап, басты нәтижелерін атап өтті.

«Медициналық көмекті уақтылы көрсетуде жедел жәрдем қызметінің жұмысы ерекше рөл атқарады. Елорда тұрғындарының саны жыл сайын өсуіне байланысты «103» қызметіне қоңырау шалу саны да артты - 2019 жылы шамамен 307 531 жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалу тіркеліп отыр. Соңғы 4 жылда жедел жәрдем паркі 50% жаңартылды. Осы жылы 52 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда, оның ішінде 25-і бұрын болмаған толыққанды реанимобильдер. Барлық тендер рәсімдері аяқталып, автомобильдерді жеткізу 2019 жылдың қазан айында болады деп күтілуде. Медициналық көмектің сапасын және жаңа әкімшілік ауданда қоңыраулар логистикасын жақсарту мақсатында 230 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін «Байқоңыр» қосалқы станциясы (Жұбанов к-сі, 10а) ашылды», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.


Өзгелердің жаңалығы