Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда "Жеңіс бағы" ашылды
26 Мамыр 2020, 02:30 231

Нұр-Сұлтанда "Жеңіс бағы" ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары ҰОС батырларына арналған халықаралық акцияға қосылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан ботаникалық бағында 75 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Осылайша, елорда тұрғындары "Сад памяти" халықаралық акциясына қосылды. Оның аясында ҰОС жылдарында қаза тапқан 27 млн адамның әрқайсысын еске алуға 27 млн ағаш отырғызу жоспарланған.
"Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің ұсынысын қуана қолдадық. Бүгін мұнда әкімдік қызметкерлері, Ресей Федерациясының елшілігі, "Атамның аманаты" ҚБ, "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі, сондай-ақ еріктілер мен барлық ниет білдірушілер қатысты. Отырғызылған ағаштар Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан батырларға естелік болады деп ойлаймын, – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы.

Фото: дереккөз
Загрузка...