Нұр-Сұлтанда жастарға кеңес беру күні өтеді

17 Ақпан 2020, 22:50
954
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жастарға кеңес беру күні өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған шара өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш шара "Астаналық" сауда кешенінде сағат 11.00-де басталады. Әрбір азамат өзінің қалаған сұрағымен "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы", "Жұмыспен қамту орталығы", "Медиацияны дамыту орталығы" және басқа да мекемелердің өкілдеріне жолыға алады. Сонымен қатар кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді. 

Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.


Өзгелердің жаңалығы