Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық онкохирургтар қуықасты безі обырына 3D ота жасады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Нұр-Сұлтан қаласындағы Онкология орталығында қуықасты безі обырына шалдыққан 70 жастағы пациентке 3D-ота жасалды. Ота онкоурология бойынша шеберлік сағатын өткізу үшін арнайы Қазақстанға келген профессор Давид Николаешвилидің (Грузия) қатысуымен өтті. Ота радикалды лапароскопиялық простатэктомия арқылы жасалды», - делінген хабарламада.
Ота пышақсыз жасалған.
"Науқастың жасы 70-те. Диагнозы - Т3NхМо сатысындағы қуықасты безінің обыры, глиссон саны 7 (3+4). Лапароскопиялық радикалды простатэктомия операциясы пышақсыз жасалады. Бұл әдісі жамбас лисфоузлдары кеңейгенде және операциядан кейін асқынған қуықасты обырына қолданылады. Бұл технологиялар пациенттің отадан кейін қалпына тез келуіне көмектеседі және қатты ауырмайды. Сонымен қатар, пациент қуықасты безінің обырынан толық емделеді", - деп хабарлады министрлікте.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, осы секілді ота еліміздегі өзге онкологиялық мекемелерде де жасалады.