Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда үш арыстың 125 жылдығы атап өтілді
14 Желтоқсан 2019, 02:37 5250

Нұр-Сұлтанда үш арыстың 125 жылдығы атап өтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында елордадағы "Nomad City Hall" концерт залында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған әдеби музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеш барысында театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерге Ілияс Жансүгіровтің "Күйші" поэмасынан бір композиция, Бейімбет Майлиннің "Талақ" әңгімелерінен үзінді қойылды. Сонымен қатар  Бейімбет Демеуовтің өңдеуіндегі майталман тұлға Сәкен Сейфулиннің "Тау ішінде" әні театр хорымен орындалып, жанкүйерлерді тәнті етті.

Өз кезегінде сәкентанушы, драматург, актер, әнші Қанат Жүнісов пен әдебиетші, тарихшы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай ғылыми баяндамаларын қалың көпшілікке паш етті.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...