Нұр-Сұлтанда саудаға арналған жер учаскелерінің электронды аукционы өтті

8 Сәуір 2019, 20:45
3106
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда саудаға арналған жер учаскелерінің электронды аукционы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлік субъектілеріне көше саудасын жүргізу үшін жер учаскілерін үлестіру алғаш рет арнайы порталда жүргізілді. Бұл туралы «Astana» ӘКК» хабарлады.

Электронды платформа   өтініш беруден бастап электронды саудағы қатысу, хаттамаға қол қою процестеріне дейін түгел қамтуға мүмкіндік берді, яғни аукционға қатысу үшін арнайы белгіленген орынға барудың қажеттілігі болған жоқ. Қатысушы берген мағлұматтардың дұрыстығы және хаттамаға қойылған қолдың растығы порталға тіркелу кезінде сұратылған ЭСҚ-ны (электронды сандық қолтаңба) пайдалану маңызды роль атқарады. Саудаға қатысу үшін өтініш қалдыру немесе саудаға қатысу үшін порталдағы жеке кабинетке кіру, сондай ақ хаттамаға қол қою ЭСҚ көмегімен жүзеге асырылады.

«Берліген электронды платформа жер учаскелерін қосалқы жалгерлікке беру аукционын алғаш рет өткізді. Бұған дейін порталды жеке иелікке берілетін мүлік саудаға қойылатын. Жер учаскелерін үлестіру аукционының сәтті өтуі ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдері арасында «1000 орын. Көше саудасы» жобасына сұраныстың жоғары екендігін және аукцион өткізу тәсіліне сенім болғандығын көрсетеді. Біз «1000 орын-көше саудасы» бағдарламасы аясында үлестірілетін сауда орындарын улестіру процесін барынша ашық жүргізуді көздейміз. Қолданыстағы сандық технология құжаттар топтамасы және реестерде заңсыз өзгерістер енгізуге жол бермейді.   Жер учаскелерінің тізімі барлық мүдделі тараптармен келісілген, ал бағдарлама қатысушысына қойылатын жалғыз талап - қолданыстағы заңнама талаптарына сай әрекет ету», - деп атап өтті «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Темірлан Нұрғисаев.

Бұған дейін «Astana» ӘКК» АҚ «Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізу үшін сауда павильондарын орналастыру» жобасы аясында жер учаскелерін қосалқы жалгерлікке алу өтініштерін қабылдау туралы хабарлама таратқан болатын. Өтініштер 20.03.2019 ж. - 04.04.2019 ж. мерзім аралығында өтті. Аукционға барлығы 10 жер учаскесі қойылды, оған қатысу үшін барлығы 81 кәсіпкерден өтініш қабылданды.

Оның 3 учаскесіне бір ғана өтініш келіп түсті, бекітілген ережелерге сай жалғыз өтініш беруші жер учаскесін қосалқы жалгерлікке алу құқығын кепілдік жарна құнына сатып алды.

Қалған 7 жер учаскесі бойынша электронды сауда өтті. Аукцион нәтижесімен 23 258 767 теңге сауда жасалды. «Astana» ӘКК» АҚ 28.02.2019 жылы бекіткен «Көше саудасы үшін жер телімдерін үлестіру» ережелеріне сай аукцион жеңімпазы 5 жұмыс күні ішінде сауда құнын төлеуі тиіс.

Саудаға қойылған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты: мобильді сату нүктесі (көкөніс, жеміс-жидек), стационарлы емес азық-түлік өнімдерін сату нүктесі (нан-тоқаш өнімдері, сүт пен шұжық өнімдері), дайын тамақ өнімдерін сату нүктесі (сусындар, балмұздақ, фаст-фуд).

Жаңа ережелердің бұған дейін қолданыста болған ережелерден өзгешелігі тек электронды аукцион өтуінде ғана емес, енді тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелері саудаға қатыстырылмай, квота бойынша үлестіріледі.

Қоғам осы мақсатта «Атамекен» АКП ұсынысымен тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін үлестіру мақсатында жылына 15 жер учаскесін бөледі. Ол үшін АКП Қоғам атына квота бойынша жобаға қосымша жер учаскелерін бөлу туралы өтініш жасайды.

 

Өзгелердің жаңалығы