Нұр-Сұлтанда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

19 Маусым 2020, 13:30
1302
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы департаменті Тергеу басқармасының басшысы Нұрбек Даумов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қаладағы М. Горький атындағы академиялық театрдың басшылығы мен "Ади-жан" және "Астана-Кокше" ЖШС мердігер компанияларына қатысты тергеу ісін сотқа жіберген.
Театр басшысы орынбасарларымен және "Ади-жан" ЖШС директоры, "Астана-Кокше" ЖШС-нің техникалық сарапшысымен сыбайласа отырып 37 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты ұрлады деп айыпталуда. Одан бөлек театр ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге бөлінген қаражатты ұрлаған. Бұл қаражаттың барлығы мемлекет бюджетінен бөлінген, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №13 орта мектептің директорына және "Сапа-Транс" және "Азия-Арт" ЖК-ге қатысты сот шешімі шыққанын айтты. 
Бұл жағдайда мектеп директоры мердігерлермен сыбайласа отырып мектепке бөлінген қаражатты ұрлаған. Одан бөлек мектеп директорына адамды өтірік жұмысқа тұрғызу жолымен ақша ұрлау айыбы тағылып отыр. Мемлекетке келтірілген шығын миллион теңгеден асады. 2020 жылдың 1 маусымында Алматы аудандық сотының шешімімен мектеп директорына және сыбайластарына келтірілген шығыннан он есе артық көлемде айыппұл салынды, - дейді Даумов.

Өзгелердің жаңалығы