Нұр-Сұлтанда кітап фестивалі өтеді

20 Тамыз 2019, 00:57
2024
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда кітап фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш рет елордада ең ауқымды «KITAP FEST - 2019» кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«KITAP FEST» кітап фестивалі Алматы қаласында 5 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында фестиваль шағын кітап алмасу дәстүрінен қаланың ауқымды мәдени-танымдық іс-шарасына айналып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерді.

Жыл сайын кітап фестивалі мыңдаған кітапсүйер қауымды, талантты ақын-жазушылар мен табысты блогерлерді, қоғам қайраткерлері мен белсенділерінің басын біріктіреді.

5 жыл ішінде «KITAP FEST» алаңында авторлар мен баспа үйлерінің қатысуымен 130-дан астам кітаптың таныстырылымы өтті, қонақтарға 20 мыңға жуық кітап сыйланды, 70-тен аса кітап дүкені жәрмеңкеге қатысып, 45 блогер өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті.

Тұңғыш рет өтетін фестиваль Нұр-Сұлтан қаласының кітапсүйер қауымын қуантпақ.

«KITAP FEST» фестивалі 25 тамыз күні сағат 10:00-19:00 аралығында Арбатта (Есіл өзенінің жағалауы) өтеді.


Өзгелердің жаңалығы