Нұр-Сұлтанда киберспорт бойынша чемпионат өтеді

17 Қыркүйек 2019, 08:50
1952
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда киберспорт бойынша чемпионат өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі мен ҚР киберспорт Федерациясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес елордада киберспорт бойыншы ауқымды жарыстар өткізіледі, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.

Wesg Season 2019-2020 әлем чемпионатының іріктеу турының бірінші ұлттық кезеңі қазанның екінші жартысында өтеді. Жеңімпаздар Орта Азияның аймақтық кезеңіне жолдама алады.

2017 жылы Counter-Strike ойыны бойынша 3 қазақстандық ойыншысы бар Gambit командасы CS:GO әлем чемпионатында жеңіске жетті. Биылғы жылы AVANGAR-дан келген қазақстандықтар StarLadder Berlin Major 2019 киберспорт бойынша әлем чемпионатында 2-орын алды. Осы спорт түрін дамыту үшін 2018 жылы елде киберспорт федерациясы құрылды,ал өзі ресми түрде дербес спорттық дисциплина ретінде танылды.



Өзгелердің жаңалығы